Түркістан облысында алғаш рет халықаралық деңгейде «EAGLES OF TURKISTAN» атты страйкболдан (Airsoft) ашық чемпионаттың ашылуы өтті. Екі күнге созылатын тартысты сайыс Түркістан облысы әкімдігінің қолдауы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен табиғаты әсем Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Жастардың сұранысы негізінде қолға алынған іс-шараның мақсаты – өңірде спорттық және экстремалды туризмді дамыту, шетелдік ойын қатысушыларына Түлкібас ауданының туристік потенциалы мен табиғи көрікті жерлерін таныстыру, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Ашық чемпионатқа Қазақстанның Алматы мен Ақмола облыстары, Алматы және Шымкент мегаполистерінің ойыншыларынан бөлек, Қырғызстан елінен 3 команда қатысуға қызығушылық танытты.
Бүгін топтық ойында жалпы 70 қатысушыдан құралған 10 команда бақ сынасып, іріктелгендер финалдық бәсекеде сынға түседі. 16 шілде күні жеңімпаздар анықталып, марапатталады.
Айта кетейік, «EAGLES OF TURKISTAN» ашық чемпионатының жалпы жүлде қоры 1 500 000 млн теңгені құрайды. Жобаның басты серіктестері — «Vellini Airsoft» дүкені және «Red Bull» энергетикалық сусындар компаниясы.
«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.