Бүгін Орталық сайлау комиссиясы AMANAT партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды Turkistan Today.
«AMANAT партиясы 90 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Бұл тізімдегі 29 кандидат: әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Олар кандидаттардың жалпы санының 32,2 пайызын құрайды. Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.
Оның атап өтуінше, партиялық тізімді ұсынған партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ҚР заңнасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде ОСК шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізеді.
«Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз дауысын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. 2021 жылғы қаңтарда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында AMANAT партиясы сайлаушылар дауысының 71,9 пайызын алған. Осыған байланысты AMANAT партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылады», - деді ол.
Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері AMANAT партиясы қоғамдық бірлестігінен Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Сайлау туралы» Конституциялық заңда оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы, AMANAT партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы хаттамаларға қол қойды.
Amanat партиясының Мәжіліс сайлауына ұсынатын кандидаттарының толық тізімімен мына сілтеме арқылы (https://www.inform.kz/kz/amanat-partiyasy-mazhilis-saylauyna-usynatyn-kandidattar-tizimin-bekitti_a4032537) танысуға болады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.