Отырарлық шаруа 5 мыңға жуық асыл тұқымды қой өсіріп отыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 19 қазан, 2023

Отырар ауданында соңғы жылдары қой шаруашылығы қарқынды дамып келеді тұрады ,- деп хабарлайды Turkistan Today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Оның ішінде асыл тұқымды қой шаруашылығымен айналысып, табысқа кенеліп отырған шаруалар аз емес. Соның бірі аудандағы «Сызған» шаруа қожалығы. Нұрсұлтан Есенбайұлы басқаратын қожалық аймақтағы асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытуды қолға алғанына 10 жылдан асқан.

Қазіргі таңда шаруа қожалықта асыл тұқымды «Қисары» және «Арашан» тұқымының саны 5 000-ға жақындаған. Қожалық бүгінде мал бордақылау ісін де қолға алып, 700 бас қошқар бордақылап отыр екен.

Шаруа алдағы уақытта бордақылау алаңын одан әрі кеңейтуді көздеген сияқты. Себебі, бордақы малға деген сұраныс көп. Қазіргі таңда 1 250 га жайылымдық жерді игеріп отырған қожалық 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

706

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.