Отырарлықтар Арыстанбаб кесенесінің аумағын тазартты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 17 сәуір, 2024

«Киелі мекен» апталығы аясында Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесінің аумағы қоқыстан тазартылды. Атқарылған шараға «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, ауыл тұрғындары мен ерікті жастар қатысты, деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыстар барысында кесененің айналасындағы қоршаулар сырланып, ағаш түптері әктелді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолы бойындағы қоқыс қалдықтары да жинақталды.

Айта кетсек, Арыстанбаб – X-XI ғасырларда өмір сүрген, ислам ғүламаларының бірі және Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы. Кесенеде Қарға баба, Лашын баба және Шерімбет әздер жерленген. Құрылыстың бастапқы мазары XIІ ғасырда басталып, кесенені XІV ғасырда Әмір Темір тұрғызған. Кесенеге соңғы жөндеу жұмыстары 2004 жылы жүргізілген. 

615

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.