Партиялар әділ бәсеке жүргізуге уағдаласты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 20 ақпан, 2023

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысатын алты саяси партияның өкілдері әділ сайлау өткізу жөнінде меморандумға қол қойды. ЖСДП бұл бастаманы қолдамады.

Құжатқа қол қоя отырып, партиялар тек қолданыстағы заңнама аясында әрекет етуге, сондай-ақ үгіт-насихат кезеңінде ашық бәсеке жүргізуге уағдаласты, деп хабарлайды Turkistan Today.

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов меморандум – елімізде адал бәсекелестікке негізделген жаңа саяси мәдениет қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

«Бұл сайлау тартысты бәсекелестік жағдайында өтеді. Саяси партиялар ретінде біз сайлаушылар алдында ерекше жауапкершілік арқалап отырмыз. Көзқарасымыз әр түрлі болғанымен, еліміздің демократиялық жолмен дамығанын қалаймыз. Осыны басшылыққа ала отырып, «AMANAT» партиясы сайлау процесінің барлық қатысушысына заңға сәйкес ашық бәсеке жүргізуді ұсынды», – деді Ерлан Қошанов.

Осылайша, саяси ұйымдар бір-бірінің және өзге партиялардың атынан ұсынылған кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпауға, сайлау учаскелерінде түрлі теріс қылықтарды болдырмау үшін өзара жәрдемдесуге, үгіт-насихат кезінде заңнаманы және халықаралық стандарттарды ұстануға келісті.

Меморандумға «AMANAT» партиясынан Ерлан Қошанов, Қазақстан Халық партиясынан – Ермұхамет Ертісбаев, «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан – Азат Перуашев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан – Әли Бектаев, Қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясынан – Азаматхан Әміртай, «Respublica» партиясынан – Айдарбек Қожаназаров қол қойды.

 

«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Суретті түсірген Әли Ғалым

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.