Павлодарда Ерке мен Раимның қатысуымен өткен концертте 16 бала жоғалып кетті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Шоубизнес 22 мамыр, 2023

Павлодарда отандық жұлдыздардың қатысуымен үлкен концерт өтіп, біраз ата-ана балаларын таба алмай қалды, деп Turkistan Today жазады altyn-orda.kz.

Павлодардың орталық жағалауында қоғамдық тәртіпті полиция күзетті. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, концерт кезінде 16 бала жоғалып кеткен. «Балалардың ата-аналары анықталып, өздеріне табысталды», — деді департаменттің баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар, жағалауда түнгі сағат 23:00-ден кейін балалардың заңды өкілінсіз жүргені үшін ата-аналарғак 11 әкімшілік хаттама толтырылды. Еске салайық, Ertis Promenade сахнасындағы маусымның ашылуына 40 мыңға жуық адам жиналды. Концертте отандық эстрада жұлдыздары Ерке Есмахан, Раим, Еркеш Хасен өнер көрсетті.

1.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.