Президент реформасы: кәсіпкерлердің құқығын қорғауға айрықша мән беріліп отыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 15 маусым, 2023


Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойған болатын, деп хабарлайды Turkistan Today.


Стратегиялық құжат халықаралық стандарттарға, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарына негізделген. Тұжырымдама зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталған
Осы орайда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен биыл елімізде кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасы іске қосылды. 


Жобаның негізгі мақсаты - кәсіпкерлерге түрлі құжаттарды рәсімдеу кезінде әкімшілік кедергілер мен әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету. 


Осы орайда, Департамент тарапынан кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін шешу жолдары қарастырылғанын атап өткім келеді. Дүйсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес-қауымдастық өкілдерімен жеке қабылдау өткізіледі. 


Жоба басталғалы, яғни жыл басынан бері 1064 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Кәсіпкерлікке кедергі келтірген 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бизнес өкілдеріне жерді рәсімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, мемлекеттік қолдаулар, соның ішінде несиелер, гранттар мен субсидиялар алу кезінде кедергілер мен тәуекелдер ұшырасқан жағдайда, Агенттіктің 1424

922

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.