Президент реформасы: Түркістанда білім саласына қатысты бірнеше өзекті мәселе шешіліп жатыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 10 тамыз, 2023

Білім саласының өркендеуіне еліміздің әр азаматы жауапты. Болашақ - білімде болғандықтан, әркім өз баласының ең жақсы білім алғанын қалайды. Сондықтан ағарту мәселесі халықтың жіті назарында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу басты реформаларының бірі екендігін ерекше атап өткен болатын, деп хабарлайды Turkistan Today.

Осы орайда Түркістан облысында білім саласына қатысты бірнеше өзекті мәселелер өз кезегімен шешіліп жатыр. Бүгінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен, өңірдегі білім саласына баса көңіл бөлінген. Облыста 5 жылда жаңадан 86 мектеп салынса, өткен жылы 34 мектептің құрылысы аяқталған. Бүгінде 35 мың оқушы орнына тапшылық бар. Бұл мәселені шешу мақсатында қазір 33 мектеп салынып жатыр. Оның ішінде, «Білім инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы биыл 9 мектептің құрылысы жүруде. Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 6 мемлекеттік 7 жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Жыл соңына дейін 20-дан астам жекеменшік білім ұялары ашылмақ.

Бұдан бөлек, Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» пилоттық жобасымен 3 жылда 63 мектеп салынады. Қазіргі таңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың интеллектуалды ұрпақ қалыптастыру бойынша берген тапсырмасын жұмыла абыроймен атқарып жатырмыз деген ойдамын.
 
Жандос ТЕМІРЖАНОВ, 
Бәйдібек ауданы, Борлысай ЖОМ мұғалімі

762

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.