Ол 1942 жылы 1 тамызда әскер қатарына шақырылып, Беларусь майданында шайқасқан
Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратов үй жағдайында №437 сайлау учаскесінің жылжымалы жәшігі арқылы дауыс берді,- деп хабарлайды turkistan.today
Ардагер 1924 жылы 20 ақпанда аудандағы Бөржар ауыл округі, Таздар ауылында дүниеге келген. Ол 1942 жылы 1 тамызда әскер қатарына шақырылып, Беларусь майданында шайқасқан. Нәтижесінде қария “Құрмет белгісі”, I дәрежелі “Отан соғысы” ордендерімен және “Еңбек ардагері” медаліне ие болған.
Айта кетейік, жалпы облыста 200 мыңға жуық зейнет жасындағы қарт пен ардагерлер тұрады. Оның 11-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, 3,2 мыңнан астамы тыл еңбеккерлері.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.