Мемлекет басшысының Жолдаулары елдің егемендігін, жеріміздің тұтастығын сақтауды, елдің экономикасының дамуы арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді. Ал, биылғы Жолдаудың ерекшелігі айтылған міндеттердің бәрі үш жылдың ішінде орындалуы тиістігі, аса күрделі міндеттерді жүзеге асыруға нақты мерзім бекітілгендігі. Талдап қарасаңыз Жолдауда ең көп қолданылған экономика-68, мемлекет-42, заң-23, халық-22, бизнес-18 сөздері Басты бағыт экономиканы дамытудың жоба-жоспары болғандықтан экономика сөзінің Жолдауда көп кездесуі заңды.
Экономика сөзінен кейін кездесетін мемлекет, заң, халық, бизнес сөздері Жолдаудағы қойылған мақсаттарға сай рет-ретімен қажеттілігіне сай орын алған. Кедергілерді жою үшін заңдарға өзгерістер енгізу, экономиканы дамытуды Мемлекет-Бизнес-Халық үштағаны бірлесе жүйелі түрде әрекет жасағанда ғана межеге жетеміз дегенді білдіреді. Жолдау нақты көрсеткіштерге, экономиканың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізуге, 2029 жылға дейін ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге жеткізуге негізделген.
Жолдауда айтылған басты міндет – өз елімізде өндіріс пен өнеркәсіпті дамыту арқылы экономикамызды көтеру, табысты арттырып, халықтың әл ауқатын жақсарту.
Жолдауды жүзеге асыру бойынша Үкімет іс-шаралар жоспарын бекітетін болады деп ойлаймыз.
Лиза ШӘМЕТ,
Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.