Республикалық акцияға Түркістан облысының жастары атсалысты

Республикалық акцияға Түркістан облысының жастары атсалысты

Түркістан қаласында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Түркі бағы» саябағында сенбілік өтті,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Игі бастамаға облыстың белсенді жастары атсалысты. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. 


 
Қоршаған ортаны қорғауға, айналаны таза ұстауға бағытталған акцияға 100-ге жуық жас пен университет студенттері қатысты. Айта кетейік, аталған сенбілікте саябақ аумағына тазалық жұмыстары жүргізіліп, талдардың түптерін әктеу шаралары қоса қамтылды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0