Румынияда жер сілкінісі болды

Румынияда жер сілкінісі болды
Румынияның оңтүстік-батысында 5,2 балдық жер сілкінісі болды, деп Turkistan Today хабарлайды Zakon.kz дереккөзіне сүйене отырып.

Румынияның оңтүстік-батысында 5,2 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Жер физикасын дамытуды зерттейтін Румыния ұлттық институты хабарлады.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 16:58-де болды. Жер сілкінісі Олтенияда, Горж уезінде тіркелді. Сарапшылар дүмпу 15 шақырым тереңдікте болғанын айтқан.

Қазіргі уақытта құрбандар мен қираған ғимараттар туралы хабар жоқ. Жер сілкінісі эпицентрден 207 шақырым жердегі Румынияның астанасында, сонымен бірге көрші Молдовада да сезілген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0