«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Түркістан облысын аралайды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 31 қазан, 2023

2023 жылдың 26 сәуірі мен 6 желтоқсаны аралығында Елімізде ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды Turkistan Today.


Әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай станцияларында тұратын азаматтарына тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету.
Облыстардың шалғай станцияларында тұратын жағдайы қиын және әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматарға тиімді медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуластық) көмек көрсету, жәрдемдесу үшін білікті медицина мамандары, заңгер, психолог, медиатордың кәсіби қызметтері көрсетіледі.


«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Түркістан облысында қараша айының 4-нен бастап 17-і қарашаға дейін аралайды. Шалғай жерлерде орналасқан станция тұрғындың білікті медициналық мамандардан (терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР дәрігері, хирург, уролог, невропатолог, гинеколог) тегін кеңесі мен ем алуға мүмкіндіктері бар.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УЗИ, флюорограф және т.б.), шағын операциялық бөлме, зертхана, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған. Медициналық пойызы шалғайдағы станцияның тұрғындарына емхана, аурухана, медициналық кабинеттер жоқ, жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік жоқ жерде медициналық көмек көрсетеді.


Медициналық пойыз 4.11.2023 - Рзд Күншағыр - Сауран ауданы, Шорнақ е/м, 5.11. - 6.11.2023ж - Рзд Акшокат - Отырар ауд. Шойтөбе е/м, 7.11.23 - Қарақоныр - Отырар ауд. Темір е/м, 9.11.23 – Шағыр - Арыс қаласы, 11.11.2023 - Бадам- Ордабасы ауд. Бадам е/м, 17.11.2023 - Ынтымақ  -  Түлкібас ауд. Састөбе елді мекендерінде тоқтайтын болады. Азаматтарды қабылдау уақыты: сағат 09.00-18.00, пойыз демалысыз жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-14.00.


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен алғаш рет жобаға биылдан бастап кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер тартылып, олар тұрғындардың әртүрлі топтарына тегін медиация (татуласу көмегі) және заңгерлік көмек береді. Тараптарға мәселелерді шешуде тегін әлеуметтік көмек көрсетіледі, даулар мен жанжалдар сотқа дейін және сотта медиация (татуласу) тәртібімен және оларды одан әрі жан-жақты қамтамасыз ету, азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алуға құқықтары, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер тағайындау мәселелері бойынша тегін кеңестер беріледі, төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістер туралы ақпарат ұсынады. Азаматтық, жер, тұрғын үй, еңбек, банк, салық, отбасы-неке және басқа да көптеген мәселелер бойынша кеңестер көрсетіледі.


Жоба аясында әлеуметтік жағынан мұктаж топтарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Олар: жалғызбасты аналар, көп балалы аналар, мүгедек және ауыр дертке шалдыққан балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер, жұмыссыз жастар, мүгедек әйелдер, зейнеткерлер, студенттер.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

602

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.