«Samruk-Kazyna Trust» АҚ қайырымдылық қызметі аясында түркістандық 150 бала оңалтудан өтеді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 31 тамыз, 2023

Түркістан облысындағы Түлкібас ауданыңда балаларды дамыту және инклюзивті білім беру орталығы «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауының арқасында жаңаша қарқында жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Turkistan Today.

Орталықта тірек-қимыл аппараты бұзылған, ой-сана дамуы тежелген, мінез-құлқында ауытқу бар, сөйлеу қабілеті төмен, яғни арнайы оқытуды қажет ететін 4-17 жастағы балалар мен жасөспірімдерге педагогикалық-психологиялық түзету, логопедиялық-дефектологиялық, арт-терапиялық жәрдем жасалып, ем алу мақсатындағы тренингтер ұйымдастырылады. Оңалтудан ата-ананың қарауынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған және ерекше балалар өте алады. Бұл Қордағы компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай көмегі арқылы мүмкін болып отыр.

«Дені сау ұлт - Қазақстанның болашағы және еліміздің дамуының негізі. Ерекше қамқорлыққа мұқтаж өскелең ұрпақ үшін қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсіне отырып, біз бүгінгі іс-шараға «Самұрық-Қазына» қорына кіретін «Қазатомөнеркәсіп» атом холдингі атынан арнайы келдік. Балаларды тәрбиелеу және оларға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету – біздің ортақ міндетіміз. «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен Түлкібас ауданының ерекше білім беруді қажет ететін 150 баласы жыл бойы тегін оңалтудан өтетініне қуаныштымыз», - деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Мұхит Мағажанов   .

Орталық қызметіне дефектолог, психолог, емдік-дене шынықтыру  сауықтыруы, арт-терапия секілді бағыттарда 10-ға жуық маман жұмылдырылған.

            «Менің ерекше білім беру қажеттілігі бар бір ұлым, бір қызым осы орталыққа келіп педагогикалық-психологиялық  түзету кабинетінен  білім алып жүр. Нәтижесі өте жақсы, ұстаздары да өте білімді, білікті, өз ісінің шеберлері.  Түлкібас кенті тұрғындары болып, бәріміз өте қуаныштымыз. Қолдау көрсетіп отырған «Самұрық-Қазына» қорына алғысымызды білдіреміз», - деді көпбалалы ана Эльмира Жапашева.

 «Samruk-Kazyna Trust» қорының қызметінде Түркістан өңірінде 2017-2023 жылдары 1,8 млрд теңгеге 23 жоба жүзеге асты. Оның ішінде «Қамқорлық» оңалту орталықтары, «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы 6 мыңнан астам оқушыға мектеп құралдарын алып беру, мектепішілік санитарлық тораптар орнату және ауылдық медицина нысандарына жаңа жедел жәрдем көліктерін табыстау сияқты қадамдар бар.

939

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.