Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Гүлнұр Еділқызы мәлімдеді,-деп хабарлайды turkistan.today
Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Осыған орай, азаматтардың өтініштеріне жедел кері байланыс орнату мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мақсатында «Сапалы қызмет» телеграмм боты іске қосылған.
Бұл боттың басты мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша халықпен жедел кері байланыс орнату және туындаған сұрақтарға толыққанды ақпарат ұсыну.
Егер Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты ұсыныстарыңыз болса, сондай-ақ бірқатар қызметтер бойынша онлайн анықтама алғыңыз келсе ұялы телефоныңызға «Telegram»мессенджерін жүктеп, «EgovKzBot2.0» телеграмм ботын қолдана аласыз.
Телеграмм бот арқылы төменде көрсетілген тізбеге сәйкес өзіңізге керекті қызмет түрін таңдай аласыз.
Егерде Сіздің Уәкілетті органға қандайда бір шағымыңыз болса, өзіңізге қатысты толық ақпаратты көрсетіп, өзіңіздің шағымыңызды толыққанды баяндай аласыз.
Нәтижесінде, Сізге 3 жұмыс күні ішінде тиісті жауап ұсынылады.
Бүгінгі таңда, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментімен аталған телеграмм бот арқылы азаматтарға тиісті түсіндірмелер берілуде.
Атап айтқанда, шағымдардың басым көпшілігі «Бала туғанда берілетін және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қатысты сауалдар бойынша жазылған.
Осыған орай, Департаментпен тиісті мемлекеттік органдардан ақпарат алына отырып толыққанды жауаптар ұсынылған.
Бұдан бөлек, телеграмм боттың жұмысын халықпен таныстыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілеріне бейнероликтер және халық көп шғырланатын жерлерге QR код бейнеленген баннер эскиздері шығарып жарияланды.
Сондай ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облсы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде және Түркістан қаласының Халықтық кеңсесінің LED-экрандарында тиісті бейнероликтер жарияланып, тұрақты негізде көрсетілуде.
Қазіргі таңда, Департаментпен шағымдану тетіктерін оңтайландыру және қызмет көрсету мәселелері бойынша кері байланысты жеделдету мақсатында «Sapaly qyzmet» телеграмм ботымен қатар «Сенім телефоны» Сіздерге уақытылы жауап ұсынуға дайын екендігін хабарлаймыз.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.