Сарыағашта 22 инвестициялық жоба қолға алынбақ

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today
Түркістан 4 желтоқсан, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды»- деген болатын. Осы орайда, Сарыағаш ауданының экономикасына инвестиция тарту мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов және оның жетекшілік ететін салалары, атап айтқанда: ауданның кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы және  жер қатынастары бөлімдері қатысты.

Жиында ауданға инвесторлар тарту бағытындағы атқарылатын жұмыстардың жол картасымен бекітілген жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, жиын барысында жүзеге асыруға көзделген 22 инвестициялық жоба, нақтырақ: құс, мал, жылыжай шаруашылықтары, сонымен қатар өндірістік бағыттағы жобалар бойынша аудан әкімінің алдыңғы жиындарда берілген тапсырмалары пысықталды.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев салаға жауапты орынбасарына инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында жол картасын дайындауды жүктеді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.