Open Turkistan Саудияда таныстырылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 18 қыркүйек, 2023

Сауд Арабиясының корольдігі Эр-Риядта Дүниежүзілік мұра комитетінің кеңейтілген 45-ші сессиясы өтті. Ал, секциялық отырыста «Тұрақты болашақ үшін дамумен үйлесімді мұра: Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жазудың 20 жылдығын мерекелеу» тақырыбында талқылау жүргізілді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты Өкілдігі ұйымдастырған бұл іс-шара қалаларды сақтау мәселелерін жаһандық деңгейде талқылауға ықпал етті. Іс-шараны ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының бас хатшысы Әлия Байсабаева модераторлық етіп жүргізіп отырды. Мәжіліске ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азуле арнайы шақырылды.

Алдымен Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Берік Арын, Париж қаласындағы ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі Рысбек Әлібеков, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра орталығының директоры (Париж) Лазар Элунду Ассомо, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова құттықтау сөзін арнап, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Елші әрі ЮНЕСКО-дағы ҚР Тұрақты өкілі Асқар Әбдірахманов бейнебайланыс арқылы онлайн қатысты.

Түркістан облысы әкімдігінің өкілі ретінде «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің бас директоры Серікболсын Сандыбаев «Тұрақты туризм, экономикалық өсу және әлеуметтік даму» тақырыбында ағылшын тілінде баяндама жасап, өңірдің туристік ерекшелігін таныстырды.

628

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.