Сауран ауданында агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік қолдаулар кеңінен түсіндірілді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 30 наурыз, 2024

Ауыл шаруашылығына берілетін мемлекеттік қолдаулардың берілу шарттарын түсіндіру мақсатында құрылған арнайы жұмысшы топ Сауран ауданының тұрғындарымен кездесті,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов, «Қазсушар» РМК ТФ өндірістік техникалық бөлім басшысының міндетін атқарушы Талғат Балабеков, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан филиалы директорының орынбасары Азат Мүйтембаев, «Ырыс» МҰҚ ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Берік Бекпенбетов, «Түркістан ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұхтар Әлімханұлы сынды сала мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сауран ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі - 392 100 гектар. Жалпы биылғы жер жырту жоспары – 28,6 мың гектар болып бекітіліп, бүгінгі таңда жер айдау жұмыстары 95%-ға орындалған. 2024 жылдың өнімі үшін 3 661 гектар күздік бидай егілген. Жиын соңында шаруалар тарапынан жұмыс топ мүшелеріне сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

515

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.