Саурандағы қыш күйдіретін көне пештер мен «Сырдария-Түркістан» табиғи паркінің туристік мүмкіндігі артады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 30 маусым, 2024

Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде маусым айынан бері қазба және барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін аталған тарихи орынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, тарихшылармен, турим өкілдерімен пікір алмасты,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мақсат аталған көне пешті қорғап, зерттеп, туристік және тарихи орынға айналдыру.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология және антропология институтының бас ғылыми қызметкері т.ғ.д. профессор Мадияр Елеуов Сауран ауданындағы көне Қарашық-2 қаласының өмір сүрген уақытын анықтау мақсатында көлемі 3х1 метр, тереңдігі 5 метр қазба жүргізіліп, қаланың жасын анықтайтын заттай деректерге қол жеткізілгенін айтты. Қарашық өзенінен өтетін көпірдің жанынан қыш күйдіретін пештің орны анықталып отыр.

-Бұл - құнды әрі қызықты археологиялық олжа. Қыш өндірісі болғанының дәлелі. Сондықтан Қарашық өзені бойындағы бір-екі пеш орнын қазып, оны қорғап, туризм орнына айналдыру керек. Осыған қолдау күтеміз, - дейді ол.

Облыс әкімі жауапты басқарма басшысына осы мәселені зерделеп, тиісті ұсыныс беру жөнінде тапсырма берді.

Табылған құмбыздың іргесі бұзылмай сақталған. Қай ғасырда екені енді анықталады. Ғалымдар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кірпіші осы пеште құйылған болуы мүмкін деген болжамды да зерттеп жатыр. Археологтар әзірге бір пешке қазба жұмыстарын жасаған. Ал маңында тағы да пештер бар.

Осы күні өңір басшысы «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі аумағына барды. Жауапты басқарма басшылығы тарапынан парктің қазіргі жұмысы, жай-күйі туралы мәлімет берілді. Дархан Сатыбалды Сырдарияның бойында орналасқан табиғаты ғажайып орынның туристік әлеуетін көтеріп, тартымдылығын арттыру бағытында жоспар

жасап, ұсыныс беру жөнінде міндет жүктеді. Жауаптыларға тапсырмалар берді.

- Бірінші міндет – табиғатты қорғау. Екіншіден, «Сырдария-Түркістан» өңірлік паркінің де туристік мүмкіндігін пайдалану керек. Зерделеп шығыңыздар. Жобалар ұсынылып, тиісті жұмыс жүргізілсін, – деді Дархан Сатыбалды.

Бұл өңірлік паркті құрудың негізгі мақсаты Сырдария мен Арыс өзендерінің жайылмасының және Боралдай жотасының сирек кездесетін тау етегі мен таулы табиғи кешендері ландшафттарын табиғи қалпында сақтау, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық ағарту, ғылыми-танымдық іс-шараларға пайдалану. Сонымен бірге ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар туристік және рекреациялық мақсаттарда қолдану да көзделген. Бұл Қазақстандағы Тоғай кермаралының популяциясы қалпына келтіріліп жатқан жалғыз өңірлік парк. Сонымен бірге экотуризмді дамыту, тұқымбақтар жасақтауда да аталған парктің үлесі бар.

586

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.