Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Turkistan Today.
19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына 14 мыңнан астам кандидат ұсынылды. Олардың 12 мыңнан астамы бір мандаттық округтар бойынша, яғни қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардан және өзін-өзі ұсынғандар. Қалғаны партиялық тізіммен ұсынылды. Партиялық тізім бойынша ұсынылғандар 69 мандатқа, мажоритарлық жүйеде ұсынылғандар 29 мандат бойынша додаға түседі.
«Мәжіліс депутаттығына 7 партиядан партиялық тізіммен 283 кандидат ұсынылып отыр. Мәжіліске мажоритарлық округ бойынша жалпы саны - 609 кандидат. Барлық деңгейдегі мәслихаттар бойынша 119 партиялық тізім болды. Аталған тізімде 1 471 кандидат бар. Мажоритарлық округтер бойынша мәслихаттарға - 11 844 кандидат. Жалпы есепті қарайтын болсақ, Мәжіліс пен мәслихаттар бойынша 14 207 кандидат ұсынылды», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бүгін комиссия отырысында.
Айта кетейік, Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия қатысады.
Оның ішінде партиялық тізім арқылы Қазақстан халық партиясынан - 52, Ақ жол партиясынан - 54, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан – 19, «Байтақ» жасылдар партиясынан» - 18, «Ауыл» партиясынан – 25, Respublica партиясынан – 25, AMANAT партиясынан – 90 кандидат. Кандидаттардың жалпы саны – 283.
Орталық сайлау комиссиясына кандидаттардың атынан тапсырылған құжаттар «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сай келеді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.