Сенаторлар еліміздің оңтүстік өңірлерінің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерін талқылады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 19 мамыр, 2024

Сенат Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Түркістан облысында «Оңтүстік аймақтағы агроөнеркәсіптің жай-күйі: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбы бойынша көшпелі отырыс өткізді,-деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Сенат комитетінің төрағасы Әли Бектаев өз сөзінде еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына агроөнеркәсіп секторындағы өндіріс көлемін 70%-ға өсіру міндетін алға қойғанын атап өтті.

«Бірінші кезекте ауыл шаруашылығын еш кедергісіз жүргізу үшін жағдай жасау қажет. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі мен сапасын арттыру үшін жер мен табиғи ресурстарды пайдалану бойынша тиімді жағдайлар, инновациялық технология мен жабдықтар қажет», - деді сенатор Әли Бектаев.

Сенат депутаты Сәкен Арубаев өз кезегінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы саласының даму деңгейінің төмендігін атап өтті. Ескірген технология, жердің құнарлылығының нашарлығы, минералды тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланбау оған басты себеп болып отыр.

«Сонымен қатар, тұқым шаруашылығы саласында да проблема бар. Мысалы, Қазақстандағы жоғары тұқымның үлесі 0,8%, ал элиталық тұқымның үлесі 7,1%-ды құрайды. Бұл көрші Ресейге қарағанда едәуір төмен. Демек, дәнді дақылға арналған тұқымның 40%-ын және көкөніс пен жеміс-жидекке арналған тұқымның 100%-ын импорттан алуға тура келеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау деңгейі де төмен. Тиімді сақталатын өнім көлемі 900 мың тоннаны құрайды, бұл азық-түлік бағасына және олардың қолжетімділігіне айтарлықтай әсер етеді», - деді сенатор Арубаев.

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Бағлан Бекбауов отырыс барысында салаға келетін инновация туралы хабардар етті. Су ресурстары және ирригация министрінің орынбасары Ерболат Ибрайханов су ресурстары саласындағы проблемаларды шешу туралы айтып берді. Сондай-ақ, сауда және интеграция министрінің орынбасары Айдар Әбілдабеков АӨК саласындағы өндірісті дамыту және кәсіпкерлерді қолдау қарқыны туралы баяндама жасады.

Түркістан және Қызылорда облыстары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Жамбыл облысы мәслихатының хатшысы баяндама жасады. Сенаторлар көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылармен бірге Үкіметтің атына жіберілетін бірқатар ұсынымдар әзірледі.

580

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.