Бүгін Шардара қаласында «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар» атты шара өтті. Жиында ауған соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері жастармен кездесті. Патриоттық шараға қаладағы №16 колледж студенттері қатысты. Басқосу - облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған,- деп хабарлайды turkistan.today
Кездесуге келген ҰОС ардагеріне теңестірілген, ауған соғысының ардагері Б.Сүйінов патриоттық рухты қалыптастыру жөнінде өз пікірін білдірді. Ардагер 1987 жылы №45585 әскери бөлімінде Ауған Демократиялық Республикасында борышын атқарған. Іс-шара соңында соғыс ардагерлеріне түрлі сұрақтар қойылып, тағылымды әңгіме айтылды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.