Шардарада сабын өндіру отбасылық кәсіпке айналған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 19 қазан, 2023

Бүгінде оңтүстік өңірде шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді,- деп хабарлайды Turkistan Today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Соның бірі шардаралық кәсіпкер Айсұлу Баратова бауырларымен бірге шағын цех ашып, кір жуатын сабын мен ыдыс жууға арналған сұйық сабын шығаруды қолға алған.

Қазіргі таңда өндіріс орнында тәулігіне 300 литр ыдыс жууға арналған сұйықтық пен 250-300 дана кір сабын өндіріледі. Өнімдер Шардара, Жетісай, Мақтаарал аудандарымен қатар Шымкент қаласына жөнелтіледі. Өнім өндіруге қажетті шикізатты Алматы қаласы мен көршілес Өзбекстаннан тасымалдайтын жас кәсіпкер алдағы уақытта өнім түрлерін көбейтіп, кәсіпорынның қуаттылығын арттыруға ниетті. Бүгінде өнімдеріне деген сұраныстың артуына байланысты қосымша құрал-жабдықтар мен жұмысшы күшін арттыру мақсатында құжаттар дайындап жатыр.

Айта кетсек, бүгінде Шардара ауданында 1,3 млн теңгелік қайтарымсыз грантты 21 жас жеңіп алған.

719

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.