Шардаралық спортшылар гір спортынан әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 3 мамыр, 2025

Өзбекстан Республикасының Ханабад қаласында гір спортынан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен білекті жігіттер қатысқан бесекеде шардаралық спортшылар үздіктер қатарынан көрініп, 1 күміс және 5 қола медаль еншіледі,- деп хабарлайды turkistan.today

Атап айтар болсақ, жұлқа көтеру бойынша жас жеткіншектер арасында өткен сайыста 53 келіде сынға түскен Бекболат Амандық жалғыз күмісті қоржынға салды. Сондай-ақ, 58 келіде өнер көрсеткен Бекболат Жарылқап қоланы қанағат тұтты. Ұзын цикл сайысында жасөспірімдер арасындағы бәсекелерде 58 келіде ел намысын қорғаған Қуаныш Тастан, 63 келіде Еркебұлан Келдібаев, 68 келіде Ілияс Бахыт үздік үштік қатарынан көрінді. Сонымен қатар, жас жеткіншектер сынында 63 келідегі спортшымыз Ернұр Нұрлыбай да қола медальға қол жеткізді.  

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.