Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «AMANAT» партиясының мүшесі, «Әділдік жолы» үкіметтік емес ұйымының атқарушы директоры Дидар Смағұлов тележүргізуші Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында партияның қолынан іс келетін кез келген азаматқа мүмкіндік беретінін айрықша атап өтті, деп хабарлайды Turkistan Today.
Сөз арасында партиядан ұсынылған кандидаттардың 3/4 бөлігінің жаңарғаны үлкен маңызға ие екенін жеткізді.
«Партиядан ұсынылған кандидаттардың 75 пайызы жаңартылды. Бұл өте маңызды. Олар – бұрын болмаған, абыройлы адамдар. Ал Съездің ұнаған жері бұрынғыдай жағымпаздық байқалған жоқ. Бұл бірінші мәселе. Ал екіншісі – Съезд ашық өтті, tedx форматында ұйымдастырылды. Оны тікелей эфирде де көргендер көп болды», - дейді Дидар Смағұлов.
Бұдан бөлек ол партияға мүше болғандар арасында бұрын «AMANAT-ты» сынағандар да болғанын тілге тиек етіп өтті.
«Көзқарасы өзгеше адамдардың құрамға кіруі де – көрсеткіштің бірі. Оларға барлық мүмкіндік беріледі. Сөз ыңғайы келгенде айтайын, сыбайлас жемқорлық көрсеткіштеріне қатысты соңғы бес жылдың статистикасына үңілсек, көбі «AMANAT» партиясының өкілдері. Бірақ өзім «AMANAT» партиясына келгенімде ешқандай шектеу қойылған жоқ. Қайта нақты істермен жұмысыңды көрсет деп барлық мүмкіндік берілді. Сол себепті бұл партияға сын айтқан қарсыластардың оған мүше болуы – үлкен көрсеткіш. Өйткені жүйені ішінен де өзгертуге болады. Бұл жаңа әрі жақсы көрініс», - деп ойын тәмамдады.
Фото предоставлено Национальным центром тестирования МОН РК
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.