Созақ ауданында биыл 140 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 11 желтоқсан, 2024

Созақ ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 638 млрд 395 млн теңгені құраған. Сондай-ақ, аудан экономикасына 138 млрд 339 млн теңге инвестиция тартылған. Бұл жайында Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Биыл Созақ ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 14 млрд 852 млн 300 мың теңгені құрап, салаға 1 млрд 315 млн теңге инвестиция тартылған. Ал, егістік жер көлемі 14 638 гектарға жетсе, жаңбырлатып суару әдісі 201 гектарға енгізілген. Бұдан бөлек, биыл ауданда 7 570,4 тонна ет,  6 652,9 тонна сүт, 1 762,8 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілген. Сонымен қатар, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында биыл аудандағы Қаратау, Қарақұр, Сызған және Шолаққорған ауылдық округтері ұсынылып, өндірістік кооперативтер ашылды. Ал, «Жер аманаты» жобасы аясында аудандағы пайдаланылмай жатқан 15 мың гектар жер телімінің 9 021 гектары мемлекет меншігіне қайтарылды»,- деді аудан әкімі.


           
Аудан басшысының айтуынша, аймақта «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан құрылысы жыл соңына дейін толық аяқталмақ. Сондай-ақ, «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Шолаққорған ауылында республикалық бюджет есебінен заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталып, 2025 жылы пайдалануға тапсырылады. Бұдан бөлек, аудан орталығынадағы Жеткіншек мөлтек ауданынан жалпы 48 пәтер желтоқсан айында қолданысқа берілмек. Алдағы 2025 жылы да Шолаққорған ауылында екі қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі.

Айта кетейік, аудандағы 33 елді мекеннің 29-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бүгінде аудандағы бірнеше елді мекендердің ауыз су құбырларына құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталған жағдайда аудан халқы 100 пайыз ауыз сумен қамтылмақ. Сонымен қатар, «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында аудандағы 26,1 шақырымды құрайтын 25 көшеге асфальт жабындысы төселді. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.