Созақта "Таза Қазақстан" акциясына 1 000 адам қатысып, 240 тонна қоқыс жиналды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 11 сәуір, 2024

Созақ ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүруде. 

Аудандағы 12 ауыл-кент округтен тазалық жұмыстарына 1000-ға тарта тұрғын жұмылдырылды. Ауыл тұрғындары, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері белгіленген аумақтардан 235 тонна қоқыс шығарды. Сондай-ақ, 3 000 ағаш түптерін әктеу, көгалдандыру жұмыстары жүрді. «Таза Қазақстан» экоакциясы басталғалы ауданда  22 500 тал егілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

241

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.