«Ұстаз – ұлттың шамшырағы»: Нұралхан Көшеров ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 3 қазан, 2025

Түркістанда Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, білім саласында аянбай еңбек еткен барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады,- деп хабарлайды turkistan.today

–  Баршаңызды Ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мұғалім – адам тәрбиелейтін ең жауапты мамандық. Біз ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды жалғастыра береміз» деген болатын. Бұл – сіздердің еңбектеріңізге берілген ең жоғары баға. Облысымызда 83 мыңнан астам ұстаз жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, аянбай тер төгіп жүр. Мемлекет басшысының «1000 көшбасшы» жобасы аясында өңірімізден 600-ге жуық ұстаз іріктеліп, олардың 46-сы білім саласында басшылық қызметке тағайындалды. «Daryn Teacher» халықаралық жобасы аясында 25 ұстаз Малайзия, Сингапур, Финляндия және Эстония елдерінде тәжірибе жинақтады. Әлемдік үздік үлгілерді өңір  мектептеріне әкелу – нағыз жаңашыл ұстаздың еңбегі. Облыста жаңа мектептер салынып, инфрақұрылымы жақсарды. Бүгінгі педагог тек өз пәнін меңгеріп қана қоймай, жаңа технологияларды игеріп, оқушымен жаңаша жұмыс істей алуы тиіс. Осы мақсатта, өңірімізде мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, заманауи әдістемелерді меңгеруге және цифрлық ресурстармен жұмыс істеуге бағытталған жаңа жобалар қолға алынады. Сіздердің жас ұрпаққа білім берудегі еңбектеріңіз бен мамандыққа деген адалдықтарыңыз – елдің болашағын айқындайтын асыл қазына, – деген Нұралхан Көшеров білім саласында жеткен жетістіктерді де баяндап, елеулі еңбектің бәрі ұстаздардың қажырлы еңбегінің жемісі екенін атап өтті.

Атап айтқанда, «Еңбек ардагері» «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі»,  «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, «Құрмет» грамотасы»  мен алғыс хаттар берілді. 
Салтанатты жиында облыс өнерпаздары әсерлі концерттік бағдарламасын ұсынды. Танымал әнші-бишілермен бірге талантты оқушылар мен балалар да өнер көрсетті. 

Айта кетейік, Түркістан облысында  жалпы 83 мыңнан астам педагог саналы ұрпаққа сапалы білім беріп келеді. 2025 жылы осы салаға бөлінген бюджет 13 пайызға ұлғайды. Өңірде мектептер жаңғыртудан өткізіліп, жаңа білім ұялары да ашылып жатыр. Олардың арасында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген 29 мектеп бар.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.