Қызылорда өңірінің дәстүрлі өнері мен заманауи шығармашылық жобалары Астанада көпшілік назарына ұсынылады. «Creative Aimaq» жобасы аясында Сыр бойының мәдениеті, ұлттық қолөнері және креативті индустриядағы жаңа бағыттары таныстырылады.
Іс-шара барысында келушілер бабалардан жеткен ұлттық қолөнер бұйымдарын, зергерлік әшекейлерді және Сыр өңірінің дәстүрлі өнер үлгілерін тамашалай алады.
Сонымен қатар бағдарламада заманауи этно-стильдегі сән көрсетілімі ұйымдастырылып, жас шығармашылық өкілдерінің жаңа жобалары таныстырылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба Сыр елінің тарихи-мәдени мұрасын заманауи форматта танытып, өңірдегі жас шығармашылық буынның әлеуетін көрсетуге бағытталған.
Шара 12-13 қыркүйек күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында өтеді.
📍 Мекенжайы: Жошы хан көшесі, 16/2
🎟 Кіру тегін.
Көрме мен шығармашылық бағдарламаға қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.