Түлкібас ауданын дамыту жолдары қаралды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 25 сәуір, 2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың аудан, қала тұрғындарымен кездесулері және жеке қабылдаулары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Облыс әкімінің кезекті кездесуі Түлкібас ауданында жалғасып, жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажы тыңдалды. Келелі кездесуде көтерілген мәселелер төңірегінде пікір алмасып, жауапты мамандарға ауданды одан әрі дамыту жолында жүйелі жұмыс жүргізу керектігі ескертілді,- деп хабарлайды turkistan.today

– Бүгін сіздермен ғажап табиғат пен тарихтың үйлескен нүктесі Түлкібас өлкесінде жүздесіп отырмыз. Өздеріңізге мәлім, осыған дейін Мемлекет басшысы тұрғындармен кездесіп, түйткілдерді ашық диалог алаңында талқылап, шешуді тапсырған-ды. Бүгін сіздермен кездесіп, ауданның өзекті мәселелерін бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Ауданда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша өткен жылы 9 елді мекенде 10 жоба іске асты. Ауданға қарасты 19 көше орташа жөндеуден өтті. Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасымен өткен жылы 4 жоба қаржыландырылса, биыл 1,4 млрд. теңгеге 180 жобаны қаржыландыру жоспарлануда. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2,4 млрд теңгеге артқан. Биыл ауданға инвестиция тарту жұмыстарын 43 млрд. теңгеге жеткізу жоспарда бар. Дегенмен кей салада кемшіліктер де анықталды. Аталған мәселелер төңірегінде жауапты тұлғалар жұмыс қарқынын күшейтіңіздер. Жоспарлы жұмыстан ауытқу ауданның экономикалық дамуын тежейтінін ұмытпаңыздар. Ал құрылыс саласы бойынша Дәубаба елді мекенінде мәдениет үйі бой көтеріп, биыл қазан айында пайдалануға берілмек. Сондай-ақ Қараағашты ауылындағы Дауан орта мектебіне қосымша 150 орындық ғимараттың құрылысы жүріп, келер жылы аяқталады деп күтілуде. Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен 11 жоба қолға алынды. Нақты 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізелді. Түлкібас ауданын дамыту жолында бірлесе еңбек ету маңызды. Мұндағы мақсат – облысқа қарасты барлық аудан, қалалардың экономикалық өсімін қамтамасыз ету, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру. Жалпы жанға жайлы табиғатымен көз түскен Түлкібаста оң өзгерістер қатары көп. Тұнық табиғаты бар бұл өңір туризм саласына бағытталуы қажет. Соның ішінде экотуризмді дамытуға басымдық берген жөн, – деген облыс басшысы Нұралхан Көшеров аудан әлеуетін көтеру бағытында жауаптыларға бірқатар міндеттер жүктеп, нәтижелі жұмыс көрсетулерін талап етті. 

Мәжіліс барысында аудан әкімі Асқар Естібаев өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жылы іске асатын жоспарларын баяндады.

Жалпы Түлкібас ауданында 36 туристік нысан жұмыс істейді. Өткен жылы ауданға 15 500 турист келген. Мұнда балаларға арналған сауықтыру лагерлері, қонақ үйлер, емдік сауықтыру лагерлері мен 21 туристік аймақ қарастырылған. 2030 жылға дейін аталған сала бойынша 14 жоба жүзеге асып, 552 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. 

Кездесу соңында Нұралхан Көшеров тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады. Айтылған ұсыныс пікірлер аясында тиісті жұмыстар жүргізілетін болды.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.