Түркістан: Қабылдауда сан түрлі мәселелер тыңдалды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 14 мамыр, 2025

Түркістан облысының тұрғындарын жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Облыс әкім Нұралхан Көшеров  пен оның орынбасарлары халық үніне құлақ асып, мәселелерді оңтайлы шешу бағытында жұмыс атқаруда,- деп хабарлайды turkistan.today

Бүгін «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті рет жеке қабылдау өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.  

Қабылдауға келген тұрғандар сан алуан мәселені көтерді. Олардың басым бөлігі, мәдениет, ішкі саясат, спорт салаларына қатысты болды. Атап айтсақ,  спорт кешені мен мәдениет ошағын салу, асыл тұқымды  мал шаруашылығын дамыту және арнайы  көрме ұйымдастыру,  сондай-ақ  тағы басқа әлеуметтік мәселелерді көтерді. Одан бөлек мәдениет үйіне қатысты түйткілдерді ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Жауапты басшыларға мәселелерді зерделеп, шешуді тапсырды.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.