Түркістан қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 1 маусым, 2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралап, жай-күйімен танысты. Алдымен бірнеше көшені аралап, жол жөндеу жұмыстарын қадағалады,- деп хабарлайды turkistan.today

Облыс әкіміне Қазыбек би және О.Жарылқапов көшелері аралығындағы жол құрылысының барысы таныстырылды. Жолдың ұзындығы – 2,5 шақырым, төрт жолақты. Құрылысы қарқынды жүруде. Қаржысы толық бөлінсе, биыл аяқталады. Тәукехан көшесін жөндеу жұмыстары да жалғасуда. Ұсақ түйіршікті асфальт төселіп, аяқжолдар салынады. 

Одан кейін Нұралхан Көшеров Б.Қалаби көшесін реконструкциялау жұмыстарын көрді. Жолдың ұзындығы – 7,4 шақырым, 4 жолақты. Тапсырыс беруші – қала әкімдігі. Жоба 2024-2026 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарланған. Бүгінде 3 463 412,3 мың теңге игерілген. Толық қаржыландыру күтіліп отыр. Бұл жол салынған соң «Бекзат» шағынауданының тұрғындарына өте қолайлы болмақ. Қала орталығындағы жол жүктемесі де азаяды.

Облыс әкімі жол жөндеу саласындағы жұмыстар бойынша қала әкімі мен жауапты орынбасарларының есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Мәселелер бақылауға алынды. 

Айта кетейік, биыл Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүріп жатыр. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.