Түркістан: Ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер зерделенді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 10 желтоқсан, 2024

Түркістан облысы әкімдігінде ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді зерделеу, талдау қорытындысы талқыланған мәжіліс өтті. Жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға жайылым жерді түгендеу, ветеринария, ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілдерді тарқату жөнінде нақты тапсырмалар берді,- деп хабарлайды turkistan.today

Мәжілісте Облыстық жер қатынастары, Ветеринария басқармасының, Жер ресурстары департаментінің, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшылығының есептері мен пікірлері тыңдалды. Кемшілікке жол берілген аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпе айтылып, жұмысты ширату жүктелді. 

Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасымен жұмыс тобы құрылып, олар аудан, қалаларда ауыл шаруашылығы кешенін, жер, ветеринария, ауыл шаруашығы субсидиясы және шаруашылық жүргізуші азаматтардың салық төлеуге қатысты мәліметтерін 4 бағыт бойынша зерделеген болатын. Атап айтқанда, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Шардара, Келес аудандары мен Арыс қаласы бойынша зерделеу шаралары жүргізілді. Нәтижесінде салықтан жалтару, мал басын дұрыс көрсетпеу, жерді тиімді пайдаланбау деректері жиі тіркелген. Мал басы бойынша ресми статистика мен зерделеу барысында үлкен айырмашылықтар байқалған.

Жиында жауапты басшыларға пайдаланылмай жатқан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза пайдаланып жатқан ауыл шаруашылығы бағытындағы жер алқаптарын қайтару бағытындағы жұмыстарды күшейту міндеттелді. Ауыл шаруашылығы дерекқор базасы мен ауылдық округі әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу туралы шаруашылық кітапшасын сәйкестендіру, аудан, қалалардағы ветеринария қызметкерлерінің біліктілігін артыру, жауапкершілігін күшейту, мал басын санауда кемшілікке жол бермеу жөнінде  және өзге де тапсырмалар берілді. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.