Қазығұрт ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты салтанатты шара өтті,- деп хабарлайды turkistan.today
Аталған шараға Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық мекеме басшылары, соғыс және тыл ардагерлері, ардақты ақсақалдар, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім, мәдениет, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен жастары қатысты.
Шара «Даңқты батыр бабалар» аллеясында орналасқан Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Қатысушылар үнсіздікпен майдан даласында қаза тапқан боздақтарды еске алып, олардың рухына тағзым етті.
Іс-шара аясында өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, Отанға деген сүйіспеншілік пен батырларға деген құрметті арқау еткен әдеби композициялар орындады.
Осы күні Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұрпақтар ұмытпайтын – ұлы жеңіс» атты ерлік пен елдікке тағзым, бейбіт күннің бағасын ұғындыруға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.
Мерекелік жиын барысында Жеңістің 80 жылдығына орай бірқатар тыл еңбеккерлері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» атты мерекелік медальмен марапатталды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.