Түркістан: Этнос өкілдері арасында «Бірлік» спорттық сайыстары өтті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан Бүгін, 13:10

Түркістандағы «Яссы» спорт кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай облыстағы этнос өкілдері арасында «Бірлік» спорттық сайыстары өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Достық пен салауатты өмірді насихаттаған спорт додасы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды. 

Сайысқа жалпы 11 команда қатысты. Атап айтсақ, Кентау, Арыс қалалары және Сауран, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш аудандарының этнос жастарынан құралған командалар мен «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облысы өкілдігі мүшелері жиналды. Онда жастар спорттың 4 түрінен, атап айтқанда, шағын футбол, қол күресі, арқан тарту, кір тасын көтеруден бақ сынады. 

Спорттық шараның салтанатты ашылуында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов және «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева сөз сөйлеп, елдегі татулықты көздің қарашығындай сақтау әрі нығайту – мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Таң азаннан кешке дейін жалғасқан тартысты бәсекеде қол күресінен Улугбек Нишантаев қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Ал Якуб Эльмаз 2-орынды иеленсе, Бобиржан Рустамбеков 3-орынды жеңіп алды. 

Арқан тарту сайысы жұрттың қиқу салып, қызу қолдау танытқан жарысы болғанын айта кеткен жөн. Бұл сайыста «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігі жеңіс тұғырынан көрінді. Ал 2-орынды Жетісай ауданы, 3-орынды Сарыағаш ауданының құрамасы иеленді.

Сондай-ақ кір тасын көтеруде Мухамадрасул Расулов топ жарды. Бұл сайыста Абдулло Анаркулов 2-орынды алды. Ал 3-орынды Мухторжан Сайдиганиев еншіледі.

Ал шағын футбол бәсекесінде Төлеби ауданының құрамасы жеңімпаз атанды. Жүлделі 2-орынды Сарыағаш ауданы, 3-орынды Келес ауданы құрамасы иеленді. 

Жарыстың қорытындысында жеңімпаздар арнайы марапатталып, жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар мен дипломдар табысталды. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.