Түркістан: Келес ауданында 12 жоба жүзеге асырылуда

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 13 маусым, 2025

Түркістан облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен бірқатар әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған,- деп хабарлайды turkistan.today

Мемлекетке қайтарылған активтер және жергілікті бюджет есебінен Келес ауданында 12 әлеуметтік жоба қолға алынды. Атап айтқанда, Жүзімдік, Бірлік және Ақтөбе ауылдық округтерінде ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нысан пайдалануға тапсырылған соң 1805 үйді қамтитын 13 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Жалпы, жыл соңына дейін аудандағы елді мекендердің барлығы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады.

Сонымен қатар ауыз су мәселесін түбегейлі шешуге бағытталған ірі жоба – «Өгем» өзенінен Келес ауданына су жеткізу бастамасы қолға алынған. Қазіргі уақытта құжаттары әзірленуде. Жоспарға сәйкес, жобалау жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталмақ. Бұл жоба инвестор есебінен жүзеге асырылады. Құрылыс мерзімі – үш жыл. Нәтижесінде, оңтүстік өңірлердің су тапшылығы мәселесін шешіліп, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал мен Жетісай аудандары ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілмек. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.