Түркістан: Кентауда биыл 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан Бүгін, 18:02

Кентауда өндіріс орындары ашылып, инвестициялық мүмкіндіктері ұлғаюда. Биыл қаладағы индустриалды аймақ пен арнайы экономикалық аймақта 4 жоба ашу жоспарланған. Соның ішінде, арнайы экономикалық аймағынан екі жоба іске асырылады деп күтілуде. Олардың бірі – «Кентау Red Star» ЖШС,- деп хабарлайды turkistan.today

Жалпы құны 1,5 млрд. теңге болатын жобаның қуаттылығы – жылына 40 млн. дана кірпіш шығару. 80 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Аталған жоба 2025 жылдың сәуір айында іске асырылады деп күтілуде.

«Turan Shenhua» ЖШС-нің газ қазандықтары және тұрмыстық техникалар өндірісі де маңызды. Жалпы құны – 2,4 млрд. теңге.  Аталған жоба биыл қараша айында іске қосылады. Мұнда 200 адамды жұмыспен қамту көзделген.

Ал индустриалды аймақтан «АйдарСтройГрупп» ЖШС өнеркәсіпке арналған металл құрылымдарын, металл бұйымдарын өндіру жобасын іске асырмақ. Жоба құны – 2,5 млрд. теңге. Іске қосылу кезінде 150 адам жұмыспен  қамтылады. 

Одан бөлек, «Сапар Құрылыс-С» ЖК металл өндіріс цехын ашады. Жоба құны – 400 млн. теңге. Жалпы 100 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.