Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов екі мың жылдық тарихы бар Қарнақ ауылындағы М.Қашқари атындағы жалпы орта мектепте өткен «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасына қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today
Салтанатты жиында қала басшысы мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, бітіруші түлектерге жылы лебізін білдіріп, түлектерге ақ жол тіледі.
Сондай-ақ оқушылардың биылғы жетістігінің нәтижесінде М.Қашқари жалпы орта мектебі ҚР білім министрінің «Үздік мектеп» номинациясына ие болды.
Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Кентау қаласы бойынша 657 оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде, 599 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген. Ал 49 түлек – «Алтын белгіге», 32 түлек – «Үздік аттестатқа» үміткер.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.