Түркістан: “Үлгілі ауыл” байқауының жүлдегері атанған Жартытөбе ауылында спорт және ойын алаңшалары ашылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 2 маусым, 2025

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда, баскетбол алаңы, балалар ойын алаңшасы және «Street workout» спорттық жаттығу алаңы ел игілігіне ұсынылды,- деп хабарлайды turkistan.today

Аталған нысандар өткен жылы облыс көлемінде өткізілген «Үлгілі ауыл» байқауы нәтижесінде Жартытөбе ауылының жүлделі орынға ие болуына байланысты облыстық бюджет есебінен салынды. Бұл бастама ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ауыл тұрғындарын мерекемен және жаңа нысандардың іске қосылуымен құттықтады. Сондай-ақ ауданда спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен айтып өтті. 

Шара барысында ардагер ұстаз, ауданның Құрметті азаматы Әшімхан Тәпі сөз сөйлеп, ел игілігі жолындағы бастамаларға ұйытқы болған азаматтарға алғысын білдірсе, ауыл қариясы Балтабай Аймұрзаев ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.Жаңа нысандар балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына зор мүмкіндік берері сөзсіз.

Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен және тікелей қолдауымен «Үлгілі ауыл» байқауы қолға алынған. Бұл бастама «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында биыл да ұйымдастырылып отыр. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.