Түркістан: МӘМС жүйесінің арттыру жолдары талқыланды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан Бүгін, 13:13

Түркістанда МӘМС жүйесіне тұрғындарды қамту шаралары және медициналық қызметтің сапасын жақсартуға  қатысты  өңірлік штабтың кезекті мәжілісі өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Оған Түркітан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, МӘМС жүйесіне жауапты мекеме басшылығы, денсаулық сақтау және білім  басқармасы басшыларының орынбасалары, Мемлекеттік кірістер департаментінің және медицинаға қатысты департамент өкілдері, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы аудан, қала әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары МӘМС жүйесіне қатысты жұмысты жандандыру, медициналық көмек сапасын жақсарту бойынша жұмысты ширатуды тапсырды.

– Кейбір аудандарда МӘМС-ке қатысты кемшіліктер анықталды. Жұмысты жандандырыңыздар. Олқылыққа жол берілмеуі керек. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша медициналық ұйымдардағы пациентті қолдау қызметіне жүктелген міндеттердің орындалу барысына талдау жасалды. Нәтижесінде облыстық клиникалық ауруханасы, Созақ, Жетісай, Бәйдібек аудандарындағы медициналық ұйымдардағы жұмыстар жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Кейбір аудандарда көрсеткіш төмен. Денсаулық сақтау саласындағы міндеттердің орындалуы – облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының тікедей бақылауында тұр, – деген Бейсенбай Тәжібаев өңірлік штаб отырысында өзекті мәселелерді көтеріп, белсенді жұмыс істеуге шақырды. 

Мәжілісте МӘМС жүйесіне тұрғындарды қамтуға қатысты мәселелер және медициналық қызметтің сапасына қатысты түскен арыз-шағымдар бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Б.Исмаханбетов баяндама жасады. Сонымен бірге өзге де департамент пен басқарма басшыларының орынбасарлары өз салалары бойынша есеп берді. Ұсыныстар беріліп, мәселелер хаттамаға енгізілді. 

Айта кетейік, Түркістан облысында медициналық  ұйымдарға тіркелген  тұрғындар саны – 2070069. Оның ішінде МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар  саны – 1713452  (82,8 %).  Созақ, Арыс және Бәйдібек аудандарында МӘМС жүйесіне қатысушылар үлесі жоғары  болса,  Сауран, Келес, Мақтарал аудандарында жұмысты ширату қажет. Өткен 2024 жылдың 1 тоқсанында медициналық ұйымдарға 326 арыз-шағым түскен болса, биылғы бірінші тоқсанда шағымдар сәл төмендеп, 312 арыз-шағым қабылданған. 

Мәжілісте дұрыс қызмет көрсетпей, сынға ілінген медициналық мекемелердің аты аталып, жауапты басшыларына нақты тапсырмалар берілді. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.