Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығының өнім көлемі биыл жыл басынан 116,4 млрд теңгені құрады,- деп хабарлайды turkistan.today
Осы ретте ауыл шаруашылығында 3 кластерлік бағытты дамыту қолға алынған. Оның ішінде мақта-тоқыма кластері аясында жалпы құны 197 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылмақ. Онда 7 мың жұмыс орны ашылады деп көзделуде. Жоба шеңберінде мақта өңдеудің толық циклін қамтитын, құны 147 млрд теңгені құрайтын 10 ірі зауыттың құрылысы басталды. Оның ішінде, 4 мақта өңдеу зауыты, 4 тоқыма фабрика мен 2 тамшылатып суғару өндірісі бар.
Бүгінде тамшылатын суғарудың ПВХ құбырын шығаратын бір зауыттың құрылысы аяқталып, іске қосылған. Сондай-ақ, биыл Отырар ауданында қос мақта өңдеу зауыты мен тамшылатып суғару өндірісі іске асады. Одан бөлек, Түркістан қаласында 2 тоқыма фабрикасы ашылмақ. Жобалар толық іске асқан жағдайда су 3-4 есе үнемделеді. Сонымен қатар, мақта өнімділігі екі есе артып, дайын тоқыма өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, биыл «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен 3 мақта өңдеу зауыттарын салу жобасы қолға алынды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.