Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында медициналық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасуда,- деп хабарлайды turkistan.today
Бүгін «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында Еңбекші ауылдық округіне қарасты Нұрлы таң және Шұғыла ауылдарында фельдшерлік-аккушерлік пункттер пайдалануға берілді. Бұл нысандар – жергілікті халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндіктер береді. Мұнда ауыл тұрғындары алғашқы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер және басқа да қажетті емдеу шараларын ала алады.
Нысандардың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен аудан әкімі Бақыт Асанов жаңа медициналық нысандардың маңыздылығын атап өтіп, тұрғындарға денсаулық сақтау қызметінің жақсарып, ауылдық жерлерде медициналық көмектің қолжетімділігі артатынын айтты.
Айта кетейік, қос бірдей медициналық нысанның құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілді. «Нұрлы таң» ФАП-ының конкурстық құны 186 миллион теңге болса, «Шұғыла» ФАП-ының конкурстық құны 200 миллион теңгені құраған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.