Түркістан: Мопедті тізгіндеушілерге талап күшейтілді

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан Бүгін, 18:37

ҚР «Жол жүрісі туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, қозғалтқыш көлемі 500 см3-тан төмен мопедтер механикалық көлік құралдарымен теңестірілді. Енді мопедті пайдалану - тек полицияда тіркеуден өткен, A1, A және B санатындағы жүргізуші куәлігі бар, техникалық тексеруден өткен және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Бұл жайында Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының Процессингтік орталығының басшысы Бақытжан Мейірбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Мопедтерді тіркеу үшін тұрғылықты жеріңіздегі арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуіңіз қажет. Түркістан облысындағы арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтары Түркістан қаласында, Сайрам және Сарыағаш аудандарында орналасқан. Жалпы тіркеуден өту үшін бірнеше құжаттарды дайындаса жеткілікті»- деді спикер.

Сондай-ақ, 2025 жылғы 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалану және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынады. Осыған орай, мопед иелерін алдын ала тіркеуден өтуге және жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға мопед жүргізу құқығын алу үшін автокөлік мектептерінде оқуға кеңес берілуде.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.