Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына арнайы іссапармен барып, бірқатар нысанды аралады. Өңір басшысы Сарығаш қаласындағы «Қапланбек» кеден бекетіне барды. Кеден бекетінің басшысы Ержан Шынәділ бекетте атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен бөлісті,- деп хабарлайды turkistan.today
«Қапланбек» кеден бекеті 2022 жылдың желтоқсан айында қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін уақытша жабылған болатын. 2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазақстан және Өзбекстан тарапымен «Қапланбек» және «Навои» өткізу пункттерінде бір уақытта жаңғырту мен техникалық жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, 2025 жылдың 5 ақпанынан бастап өткізу пункті қайта жұмысын бастады.
«Қапланбек» өткізу пункті алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттар бойынша жаңғыртылған. Шекарадан өту кезінде мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру кезінде қолданылатын ең озық технологиялық жабдықтармен және екі бағытта 16 паспорттық бақылау кабиналарымен жабдықталған. Жеке тұлғалардың шекарадан ыңғайлы өтуі үшін барлық жағдай жасалған. Көлік ағыны қозғалысының барлық циклі автоматтандырылған. Өткізу қабілеті тәулігіне 20 мың жеке тұлғаға және 800 автокөлік құралына дейін ұлғайтылды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жұмыс сапары барысында Жібек жолы елді мекенінде орналасқан полиция бөлімі ғимаратының құрылыс барысымен танысты.
«CK Abu Group» ЖШС-нің тапсырысымен бой көтеріп жатқан ғимарат биыл наурыз айында пайдалануға берілмек. Мердігер – «СтройТрансСервис KZ» ЖШС. Ғимарттың жалпы ауданы – 480 шаршы метр. Полиция бөлімінің жобалық құны – 280 млн. теңге. 2 қабаттан тұратын ғимаратта жалпы 34 бөлме қарастырылған. Облыстық полиция департаментіне 2025 жылға облыстық бюджеттен қаржы қаралған.
Қазіргі таңда, сыртқы жүретін жолдарды қоршау және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына 25 жұмысшы жұмылдырылған. Нысанды аралаған облыс әкімі мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарына сапалы материалды қолдануды, құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді тапсырды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.