Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев каратэ спортындағы ең беделді атақтардың бірі «Grand Winner – 2025» мәртебесіне ие болған Әсел Қанайды қабылдап, жеңісімен құттықтады,- деп хабарлайды turkistan.today
Кездесуге облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшылығы мен спортшының бапкері және өзге де спорт саласының өкілдері қатысты. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары спортшының жетістігін жоғары бағалап, қашан да спортты дамытуға және елдің мақтанышына айналып, әлі талай биіктерді бағындыратына сенім білдірді.
– Түркістандық спортшылар еліміздің абыройын асқақтатып келеді. Облыс әкімдігі тарапынан спортшыларға әрдайым қолдау көрсетеміз. Қазіргі таңда каратэден Түркістан облысы алдыңғы орындарда тұр. Сізге облыс жұрты ғана емес, бүкіл Қазақ елі барынша қолдау көрсетеді. Әрқашан спортымызды дамытып, қазақ халқының абыройын асқақтата беріңіз. Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының атынан алғыс білдіре отырып, спорттағы жолыңызда толағай табыс тілеймін, – деген облыс әкімінің орынбасары қаржылай сертификат табыс етті.
Әсел Қанай – каратэден халықаралық деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы. Биылғы «Karate 1 Premier League Top – 32» рейтингтік турнирлерінің қорытындысы бойынша – 2 қола және 1 күміс медаль жеңіп алды. Әлемдік рейтингте 61 келі салмақ дәрежесінде 1-орында тұр. Каратэ спортындағы ең беделді атақтардың бірі «Grand Winner – 2025» мәртебесіне ие болған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.