Түркістан облысы: Жазғы маусымда 41 мыңнан астам бала лагерьмен қамтылады

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан Бүгін, 13:56

Бүгінде Түркістан облысындағы 1 093 мектепте 553 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оның ішінде, 33 884 оқушы 11-сыныпты бітіріп жатыр. Олардың 2 313-і «Алтын белгіге», 2 400-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Сондай-ақ, 9-сыныпты 45 мыңға жуық оқушы бітіреді. Тестілеуге қатыспайтын бітірушілерді «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледждерге оқуға тарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Биыл 11-сынып түлектері үшін мектеп бітіру іс-шарасы 23 мамырда барлық мектептерде ұйымдастырылады. Қорытынды мемлекеттік емтихандар 9-сыныптар үшін 29 мамыр-10 маусым аралығында, ал 11-сыныптар үшін 30 мамыр-16 маусым аралығында өтеді. Ал, Ұлттық бірыңғай тестілеуге облыс бойынша 27 386 түлек қатысады. Тестке қатыспайтын 6 498 түлек колледждерге барады»,- деді спикер.
 
Айгүл Ерғалиқызының сөзінше, облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 29 мектеп ашылады. Оның ішінде 13-і пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 16 мектеп ел игілігіне тапсырылмақ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста 2025-2027 жылдары 115 мектеп жаңғыртудан өтіп, биыл 41 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 
 
Бұдан бөлек, Түркістан облысында биыл алғаш рет модульді жатын бөлмелермен жабдықталған 5 жазғы лагерь іске қосылады. Жалпы саны 52 модульді бөлме мен санитарлық блоктар орнатылып, бір ауысымда 1000-нан астам бала қабылданбақ. Осы ретте, жазғы маусымда 41 мыңнан астам бала лагерьлермен қамтылады. Сондай-ақ, биыл жұмысшы мамандықтар жылы аясында мамандарды даярлауға бөлінетін 15 мыңнан астам гранттың 9 500-і аталған салаға бөлініп отыр.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.