Түркістан облысында құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Аймақта инфрақұрылымды жақсарту, халықты баспанамен, әлеуметтік нысандармен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүруде. 2024 жылдың 11 айында Құрылыс жұмыстарының көлемі 379,1 млрд. теңгеге жетіп, өсім 131 пайызды құрады,- деп хабарлайды turkistan.today
Жыл басынан 1 035 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,3%-ға артық.
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, аудан, қалаларда арендалық және ипотекалық баспаналар салынуда. Нәтижесінде облыста кезекте тұрған 5 мыңнан аса (2024 ж. – 3036 пәтер, 2025 ж. – 2 084 пәтер) отбасының баспана мәселесі шешіледі. Оның бірқатары биыл тапсырылып үлгерді. Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл мерекелері қарсаңындаТүркістан, Кентау қалалары мен Шардара ауданында тұрғындарға пәтер кілттері берілді.
Облыста спорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда. Өңірде 3500-ден астам спорт нысаны бар. Биыл 11 айда облыста 10 ірі спорт кешені пайдалануға берілді. Қазіргі таңда ескек есу каналы мен халықаралық талапқа сай атшабардың құрылысы жүргізіліп жатыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.