Түркістан облысында мектеп түлектерінің қатысуымен «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара мектеп қабырғасында өткізілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев облыс орталығында орналасқан №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясындағы соңғы қоңырау рәсіміне қатысып, жас түлектерге жылы лебізін білдірді,- деп хабарлайды turkistan.today
Аяқталғалы отырған оқу жылы өңір үшін де жемісті жыл болды. 2024-2025 оқу жылында 33 884 оқушы 11-сыныпты тәмамдады. Оның 2313-і – «Алтын белгіге» үміткерлер, 2400 оқушы жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестатқа» үміткер атанды. Ал ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 386 оқушы өтінім білдірген.
– Сіздерді Оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Биыл Наурыз айында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біздің басты күшіміз – адам және оның жасампаздық әлеуеті» деп айтқан болатын. Осы оқу жылында облыста білім саласында барлық білім алушылардың жағдайы үшін көптеген жұмыстар атқарылды. Түркістан облысында биылғы оқу жылында жалпы 1093 мектепте 553 мыңнан астам оқушы білім алды. Облыс оқушылары әртүрлі республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып, 12 алтын, 16 күміс, 27 қола медаль иеленді. Еліміздің болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан әр кезде терең білім алу жолында жалықпай, талмай, ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызды тілеймін, – деді Бейсенбай Дәулетұлы
2026-2028 жылдар аралығында Түркістан облысында 16100 орынды 53 мектеп салу жоспарлануда. Облыста биыл 100-ден мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес оқу жылы 34 аптаға жалғасты. Бүгін барлық 1-11 сынып оқушылары үшін «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Бұл оқушылардың жыл бойы алған білімін қорытындылап, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.
Аяқталғалы отырған оқу жылы облыс үшін жемісті жыл болды. 2024-2025 оқу жылындағы қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану бағыттағы республикалық олимпиадаға қатысушы-командалардың сапалық рейтингі бойынша Түркістан облысы үздік үштікте. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың білім саласындағы 20 өлшемшарттан тұратын рейтинг көрсеткішінің нәтижесінде республика бойынша «Үздік 100 мектептің» қатарына Түркістан өңірінен 5 білім ордасы енді.
Шара соңында мектептің үздік оқушылары арнайы марапатталып, өнерлі оқушылары патриоттық әндер орындалып, мың бұралған бишілер көременнің ыстық ықылысына бөледі.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.