Түркістан облысында 48 000 жастың қатысуымен профилактикалық дәрістер өткізілген

Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан 20 қараша, 2024

Кездесу барысында нақты есірткіге қарсы іс-қимыл бойынша мәселелер қаралды

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында есірткінің заңсыз айналымына қатысты мәселелерді талқылау мақсатында Үйлестіру кеңесі өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Оған облыс әкімі Д.Сатыбалды мен оның орынбасары Бейсен Тәжібанв, полиция басшысы М.Қабденов, прокурор М.Тілеубердиев, ҰҚК басшысы Б.Қалмұрзаев, СЖҚІҚД бастығы М.Төлеубаев, ТЖД бастығы А.Төлешов, ДСБ бастығы А.Байдувалиев және басқа да құзырлы орган басшылары қатысты.

Кездесу барысында нақты есірткіге қарсы іс-қимыл бойынша мәселелер қаралды.

Кеңес барысында есірткі, психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстар мен атқарылған жұмыстар талқыланды. Орган басшылары тарапынан баяндамалар оқылып, ұсыныстар айтылды.

Мәселен сөз алған облыстық ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов полициямен жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 650-ден астам дерек тіркеліп, 330 келіден астам есірткі тәркіленгенін және есірткі қылмыстарын болдырмау мақсатында 48 000-ға жуық оқушы мен студенттің қатысуымен профилактикалық іс-шаралардың өткізілгенін атап өтті.

Жалпы Түркістан облысының полициясымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында телеграм каналда анықталған 34 интернет дүкеннің қызметі тоқтатылды. Ал киберқадағалау бағдарламасы арқылы 104 сайт бұғатталды. 

Үйлестіру кеңесінің мүшелері жиын барысында нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды,  жастар мен оқушылар арасында тәрбие жұмыстарын және дәрістерді бірлесе күшейтуге уағдаласты.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.