Түркістан облысында 70-ке жуық ашық жағажайлар ашу жоспарлануда

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 28 мамыр, 2025

Түркістан облысында биыл жыл басынан бері түрлі жағдайларда 30 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Оның 13-і жас балалар. Бұл туралы өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы  Оразгелді Дүйсен мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Жалпы облысымыздағы ең басты мәселелердің бірі - арнайы шомылу орындарының аздығы. 2024 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 14 шомылатын арнайы жағажайлар жұмыс істеді. Бұл облыстың 2 миллионнан аса тұрғынына өте аз. Сондықтан да биыл облыс әкімінің тікелей тапсырмасы негізінде 70-ке жуық ашық жағажайлар ашу жоспарлануда. Одан бөлек, өңірімізде аквапарк салу мәселесі де басты назарда. Айта кететін жайт, өткен жылғы статистика көрсеткендей қайғылы жағдайдың 45%-ы канал, арықтарда орын алған. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында жыл басынан бері 742 рет рейд жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде тәртіп бұзған 53 азамтқа 730 миллионға жуық айыппұл салынды. Сол себепті облыс тұрғындарына шомылу маусымының басталуына орай судағы қауіпсіздік ережелерін толықтай сақтауларын сұраймын»-деді сала басшысы.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.